9–11 сынып оқушыларына құқықтық бұзушылықтың алдын алу және
12 қыркүйек күні мектеп-гимназиямызда 9–11 сынып оқушыларына құқықтық бұзушылықтың алдын алу және заңнамаларды түсіндіру мақсатында маңызды кездесу өтті. Бұл шараға Наурызбай ауданының прокуроры Оралбаева Арайлым Қуанбекқызы және мектеп-гимназиямыздың ДТІЖО Кулирбекова Э.А. қатысып, оқушыларға құқықтық мәдениеттің маңызы мен заңды құрметтеудің қажеттілігі туралы құнды мәліметтер жеткізді. Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, заң саласындағы нақты түсініктер