№208 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушылары Қарттар күніне орай
№208 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушылары Қарттар күніне орай «Қарттарын ардақтаған ел – қазыналы ел» атты тағылымды іс-шара өткізді. 👵🧓 Іс-шара барысында оқушылар ата-әжелерінің өмірлік өнегесін тыңдап, ұлттық дәстүрлерімізді үйренді. ✨ Әжелеріміз кимешек тігіп көрсетіп, қыздарға шаш өріп берді. ✨ Аталарымыз бата беріп, өсиет сөздерімен бөлісті. Бұл кездесудің басты мақсаты – балалардың бойына қарттарға деген құрмет пен мейірімділік сезімін ұялату, салт-дәстүріміздің қадірін арттыру болды.