«Тәуелсіздік - тірегім» тақырыбында 5-6 сыныптар арасында өлең-жыр байқауы өткізілді. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәуелсіздік - тірегім» тақырыбында 5-6 сыныптар арасында өлең-жыр байқауы өткізілді.
13
желтоқсан
2022

«Тәуелсіздік - тірегім» тақырыбында 5-6 сыныптар арасында өлең-жыр байқауы өткізілді.

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік - тірегім»  тақырыбында 5-6 сыныптар арасында өлең-жыр  байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты:

️Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениет пен мәдениет биігінде алар орнын жырға қосу, насихаттау;

️ Қаламгерлер ортасын қалыптастыру;

️ Ұлттық поэзия ізін жалғар өскелең ұрпақтың шығармашылық өнеріне қолдау көрсету.


Тәуелсіздік – бақыты ғой елімнің,

Тәуелсіздік – шаттығы ғой жерімнің,

Қолға қонған бақ құсындай аялаған

Бағы ғой теңдесі жоқ бұл елімнің.


Тәуелсіздік бас арманы болған екен,

Атамыз бен бабамыздың сол етеден

Арманына жету үшін күрескені

Тарихта шежіре боп қалған екен.


Қазағымның рухы сол заманда сынға түскен,

Жаулары сырттай оны сынап жүрген.

Толқымалы сол кезеңде бабамыз

«Қазақ» атын мәңгі сақтап қалған екен.