№208 мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мырзабеков Рауан жылдық есеп беру жиналысын өткізді. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №208 мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мырзабеков Рауан жылдық есеп беру жиналысын өткізді.
09
шілде
2024

№208 мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мырзабеков Рауан жылдық есеп беру жиналысын өткізді.

№208 мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мырзабеков Рауан жылдық есеп беру жиналысын өткізді.

Жиында сөз алған кәсіподақ төрағасы өзінің баяндамасында 2023-2024 оқу жылғы статистикалық есебі бойынша мектептегі жұмысшылардың барлығы 100 % кәсіподақ мүшелері екендігін атап өтті. Сондай-ақ Мырзабеков Рауан есеп беру кезінде кәсіподақ тарапынан атқарылған жұмыстар жөнінде, атап айтқанда қызметкерлермен ұжымдық келісім шарт жасасу, қызметкерлерді сауықтыру шипажайларына жіберу, марапаттау және мәдени іс шараларды ұйымдастыру мәселелеріне жан жақты тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Бұдан бөлек, бастауыш кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтылып, оларға заң аясында нақты түсініктер берілді.
Сонымен қатар, жиын барысында жиын барысында осы оқу жылында мектебіміздің мәртебесін көтеріп, шәкірттері жүлделі орын алып жүрген ұстаздарымызды және де аталып өткен мерейтой иелерін құттықтап, сыйлықтар берілді.
Жиналыс соңында бірқатар кәсіподақ мүшелері сөз сөйлеп, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасын атқарған жұмыстарына және есебіне алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта кәсіподақ жұмысын жандандырып, одан әрі күшейтуге ықпал ететініне сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Ұжымдастарымызға келесі оқу жылына демалып, өз істеріне есеп беріп, күш жинап , аман есен келулеріңізге тілектеспіз✊✊✊

@kusainova.s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия