Егемен еліміздің рәміздері күні құтты болсын! » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Егемен еліміздің рәміздері күні құтты болсын!
04
маусым
2024

Егемен еліміздің рәміздері күні құтты болсын!

Егемен еліміздің рәміздері күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай 4 маусым күні мектеп ұжымы мемлекеттік Гимн орындады.
Бүгін Мемлекеттік рәміздер күні - ұлт бірлігі, ел Тәуелсіздігі және құндылықтары мен жетістігінің мерекесі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің ресми бекітілгеніне 32 жыл толып отыр. Осыған орай мектеп ұжымы мемлекеттік Әнұранды тебіреніспен орындап, рәміздерге деген ерекше құрметтерін көрсетті.

Баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, әрдайым ел іші мерекелі де берекелі, елтаңбамыз – еңселі, туымыз – тұғырлы, әнұранымыз – айбынды болсын дейміз. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!
Бірлігіміз жарасып, еліміздің жарқын болашаққа бастар жолында нық қадам жасап, ынтымағы жарасқан ел болайық!
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын!

@kusainova.s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия