Іс-шаралар » Страница 2 » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» атты әдістемелік шеберлік сабағы өткізілді.
06
қазан
2025
«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» атты әдістемелік шеберлік
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен №208 мектеп-гимназиясының 10-сынып білім алушыларына «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» атты әдістемелік шеберлік сабағы өткізілді. Бұл шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық тұлғалардың мұрасын дәріптеу және білімге деген құштарлықты дамыту. @kusainova.s.a @nauryzbay_bilim_bolimi  @sairan.saifedenov  @edu.almaty  @almaty_birtutas_tarbie 
Интернеттегі қауіпсіздік – өз қолыңда! 🔹
30
қыркүйек
2025
Интернеттегі қауіпсіздік – өз қолыңда! 🔹
Интернеттегі қауіпсіздік – өз қолыңда! 🔹 Бүгін мектебіміздің оқушылары «Интернеттегі қауіпсіздік» тақырыбында өткен флешмобқа белсене қатысты. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды интернет пен әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану ережелерімен таныстыру, кибербуллингтің алдын алу, бір-біріне құрмет пен қолдау көрсетуге тәрбиелеу. @kusainova.s.a @nauryzbay_bilim_bolimi  @sairan.saifedenov  @edu.almaty  @almaty_birtutas_tarbie  @almaty_mektepteri #наурызбайауданы #наурызбайроо  #208гимназия 
Мектеп-гимназиямызда 11-сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
29
қыркүйек
2025
Мектеп-гимназиямызда 11-сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
Мектеп-гимназиямызда 11-сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – түлектердің алдағы ҰБТ-ға дайындық барысын талқылау және ата-аналарға бағыт-бағдар беру. Кездесу барысында: 1️⃣ Оқушыларға психологиялық қолдау көрсетудің маңызы түсіндіріліп, ата-аналарға қажетті кеңестер берілді. 2️⃣ ҰБТ-2026 ережелері, өткізу тәртібі мен мерзімдері туралы толық ақпарат ұсынылды. Бұл жиын ата-аналардың мектеппен бірлесе отырып, оқушылардың сапалы білім алуына және емтиханды табысты
Бүгін №208 мектеп-гимназиясында 10–11 сынып білім алушыларымен кездесу өтті.
25
қыркүйек
2025
Бүгін №208 мектеп-гимназиясында 10–11 сынып білім алушыларымен
Бүгін №208 мектеп-гимназиясында 10–11 сынып білім алушыларымен кездесу өтті. 🔹 Оқушыларға арналған түсіндірме жұмысын Дінтану орталығының ғылыми қызметкері, дінтану магистрі Меиманхожа Нұрмұхаммед Рысбайұлы жүргізді. Кездесу барысында: ✅ Діни сауаттылықты арттырудың маңызы түсіндірілді; ✅ Жастардың санасына дұрыс діни көзқарас қалыптастыру мәселелері қозғалды; ✅ Деструктивті ағымдардан сақтану жолдары кеңінен талқыланды. Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпақты зайырлы мемлекет құндылықтарын
№208 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушылары Қарттар күніне орай «Қарттарын ардақтаған ел – қазыналы ел» атты тағылымды іс-шара өткізді.
23
қыркүйек
2025
№208 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушылары Қарттар күніне орай
 №208 мектеп-гимназиясының 3-сынып оқушылары Қарттар күніне орай «Қарттарын ардақтаған ел – қазыналы ел» атты тағылымды іс-шара өткізді. 👵🧓 Іс-шара барысында оқушылар ата-әжелерінің өмірлік өнегесін тыңдап, ұлттық дәстүрлерімізді үйренді. ✨ Әжелеріміз кимешек тігіп көрсетіп, қыздарға шаш өріп берді. ✨ Аталарымыз бата беріп, өсиет сөздерімен бөлісті. Бұл кездесудің басты мақсаты – балалардың бойына қарттарға деген құрмет пен мейірімділік сезімін ұялату, салт-дәстүріміздің қадірін арттыру болды.
«Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
22
қыркүйек
2025
«Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем» атты бірыңғай сынып сағаты
Бүгін мектебімізде 1–11 сынып білім алушыларына арналған «Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді. 🔹 Сынып сағатының негізгі мақсаты – жас ұрпаққа ұстаз еңбегінің қадірін ұғындырып, ұстазға құрметпен қарауға, олардың берген тәлім-тәрбиесін бағалай білуге баулу болды. Сонымен қатар: ✅ «Қауіпсіздік сабақтары» өткізіліп, оқушылардың жеке қауіпсіздігі мен жол жүру ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ✅ «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық тәрбие мен
Бүгін мектеп-гимназиямыздың 5–11 сынып білім алушылары арасында төлем құралдарын пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
17
қыркүйек
2025
Бүгін мектеп-гимназиямыздың 5–11 сынып білім алушылары арасында төлем
Бүгін мектеп-гимназиямыздың 5–11 сынып білім алушылары арасында төлем құралдарын пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 🔹 Шара барысында жастардың түрлі қаржылық алаяқтық схемаларына тартылуының қаупі, ықтимал құқықбұзушылықтардың салдары, сондай-ақ адами капиталдың төмендеуіне жол бермеудің маңызы түсіндірілді. 🔹 Сонымен қатар, мектеп оқушылары, студенттер, тыңдаушылар мен ата-аналарға төлем құралдарын қауіпсіз
«Қоғам өміріндегі адалдық пен парасаттылық» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
15
қыркүйек
2025
«Қоғам өміріндегі адалдық пен парасаттылық» тақырыбында сынып сағаты
Бүгін мектеп-гимназиямызда 5-7 сынып оқушыларымен «Қоғам өміріндегі адалдық пен парасаттылық» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 🔹 Сынып сағатының негізгі мақсаты – жас ұрпаққа адалдық, әділдік, парасаттылық сияқты асыл қасиеттердің маңыздылығын түсіндіру, оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, оқушыларға қоғамдағы адалдықтың рөлі мен әрбір адамның жеке таңдауының әділ қоғам құруға әсері жөнінде ой салу көзделді. @kusainova.s.a @nauryzbay_bilim_bolimi 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай сынып сағатында Республикалық сайлау диктантына қатысты.
15
қыркүйек
2025
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай сынып
Бүгін мектеп-гимназиямыздың білім алушылары Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай сынып сағатында Республикалық сайлау диктантына қатысты. Бұл диктанттың негізгі мақсаты – жас әрі болашақ сайлаушылардың сайлау мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын және хабардарлығын арттыру. 🇰🇿 Мұндай білім беру іс-шаралары оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, құқықтық мәдениетін дамытады. @kusainova.s.a @nauryzbay_bilim_bolimi  @sairan.saifedenov  @edu.almaty 
9–11 сынып оқушыларына құқықтық бұзушылықтың алдын алу және заңнамаларды түсіндіру мақсатында маңызды кездесу өтті.
12
қыркүйек
2025
9–11 сынып оқушыларына құқықтық бұзушылықтың алдын алу және
12 қыркүйек күні мектеп-гимназиямызда 9–11 сынып оқушыларына құқықтық бұзушылықтың алдын алу және заңнамаларды түсіндіру мақсатында маңызды кездесу өтті. Бұл шараға Наурызбай ауданының прокуроры Оралбаева Арайлым Қуанбекқызы және мектеп-гимназиямыздың ДТІЖО Кулирбекова Э.А. қатысып, оқушыларға құқықтық мәдениеттің маңызы мен заңды құрметтеудің қажеттілігі туралы құнды мәліметтер жеткізді. Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, заң саласындағы нақты түсініктер