Аденова Гулбагда Есейхановна

Мен, Аденова Гулбагда Есейхановна Жамбыл облысы, Шу ауданы, Баласағұн ауылында 1976 жылдың 24 ақпанында дүниеге келдім. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының түлегімін.
Еңбек жолымды 1995 жылдың 13 қарашасынан Алматы қаласы, Сүйінбай атындағы №143 қазақ орта мектебінде тәлімгер болып бастап, 1996-2003 жылдары Алматы қаласы, Сүйінбай атындағы №143 қазақ орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқардым.
2003-2009 жылдары Алматы қаласы, №12 Ш.Уалиханов атындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқардым.
2009-2011 жылдары Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №176 мектеп – гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, 2011 жылдың 22 шілдесінен бастап 2022 жылдың 21 қарашасына дейін №176 мектеп-гимназияның директоры қызметін атқардым.
2022 жылдың 21 қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін №208 мектеп-гимназияның директоры қызметін атқарып келем.
Қазіргі кезде тұрмыстамын, 2 балам бар.