«Жаратылыстану ғажайыптары- білім әлемінде» тақырыбындағы онкүндіктің жабылу салтанаты өтті. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жаратылыстану ғажайыптары- білім әлемінде» тақырыбындағы онкүндіктің жабылу салтанаты өтті.
03
ақпан
2023

«Жаратылыстану ғажайыптары- білім әлемінде» тақырыбындағы онкүндіктің жабылу салтанаты өтті.

Қазақстанның болашағы - білімді ұрпақ, заманауи ұстаз, зияткерлік талап демекші, оқушыларды жаратылыстану ғылымдары әлемінің тұңғиық сырларына бойлауға, ғылыми - жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін тереңдетуге және алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету мақсатында мектебімізде онкүндік өткен болатын.
Сондай-ақ 03.02.2023ж «Жаратылыстану ғажайыптары- білім әлемінде» тақырыбындағы онкүндіктің жабылу салтанаты өтті. «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мектебіміздің біліктілігі жоғары, жаңашыл ұстаздары, оқушылардың білім аясын кеңейту мақсатында қызықты шаралар мен ашық сабақтар, «Білім көрмелері» мен тәжірибелік алаңдар, сыныптан тыс-іс шаралар мен спорттық сайыс түрлерін жоғары деңгейде өткізді.
Онкүндік аясында жасалған іс-шараларға белсенді қатысқан оқушылар мен сыныптар елеулі үлестері үшін марапатталды.

Әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз!
@kusainova_s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия