Ата-аналарға » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«ОТБАСЫ-ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ» атты ұлттық спорт ойыны
19
қазан
2024
«ОТБАСЫ-ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ» атты ұлттық спорт ойыны
«25 қазан- Республика күні» мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары негізінде жалпы орта білім беру ұйымдарының 5-сынып ата-аналарымен өткізілген аудандық «ОТБАСЫ-ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ» атты ұлттық спорт ойынына мектеп -гимназиямыздың атынан 5”Ә” сынып оқушысы Нұрғали Нұрали Нұрталапұлы және оның ата -аналары Тілепбаев Нұрталап Нұрғалиұлы және Нурбатаева Гульзира Сайлауовна жүлделі 3- орынды иеленді. Жетекшілері:дене шынықтыру пәні мұғалімі Ақпанов Б. және сынып жетекшісі Керимкулова А. Құттықтаймыз🏆
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау жалғасуда
30
шілде
2024
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау жалғасуда
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау жалғасуда💻 Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады. 📌Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Ата-аналар мен балаларды ормандағы мінез-құлық ережелерімен танысуға және оларды қатаң сақтауға шақырамыз.
30
шілде
2024
Ата-аналар мен балаларды ормандағы мінез-құлық ережелерімен танысуға
Орманда қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды. Ата-аналар мен балаларды ормандағы мінез-құлық ережелерімен танысуға және оларды қатаң сақтауға шақырамыз. 
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерді сақтаңыздар📣
16
шілде
2024
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерді сақтаңыздар📣
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерді сақтаңыздар📣 Жаз мезгілі – ашық ауада демалуға, сонымен қатар су айдындарының маңында уақытты жақсы өткізуге қолайлы болып табылады. Алайда, судың жанында қажетті сақтық шараларын сақтамау әртүрлі оқиғаларға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты азаматтардан су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз. Баланың қауіпсіздігі – Ол Сіздің жауапкершілігіңізде! @kusainova.s.a @nauryzbay_bilim_bolimi @edu.almaty @almaty_mektepteri #наурызбайауданы
Орта білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес орта білім беру ұйымына бірінші сыныпқа қабылдау
13
наурыз
2023
Орта білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес
Құрметті ата-аналар! Орта білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес орта білім беру ұйымына бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын естеріңізге саламыз. Баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін көрсетілген мерзім өткенге дейін «электрондық үкімет» порталы арқылы құжаттарды тапсыруларыңыз қажет. @kusainova.s.a @otdel_obrazovaniya_nauryzbay @edu.almaty @almaty_mektepteri #наурызбайауданы
Тәрбие жоспарына сай №3 ата–аналар жиналысы өткізілді.
20
қаңтар
2023
Тәрбие жоспарына сай №3 ата–аналар жиналысы өткізілді.
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №208 мектеп-гимназиямызда 2023ж. 19-20 қаңтар күндері тәрбие жоспарына сай №3 ата–аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібі: 1. Баяндама. «Отбасылық құндылықтар мен оның бала үшін маңызы». 2.Кәмелетке жасы толмағандар арасында құқықтық білімдерін жетілдіру, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында"Құқық бұзушылық және жауапкершілік" тақырыбы ақпараттандырылды. Жиналыс барысында қоғамдық жердегі этика, құқықтық мәдениет, заңнамалық-нормалар, құқық
Мектебімізде тегін спорттық үйірмелердің ашылғанын хабарлаймыз.
18
қаңтар
2023
Мектебімізде тегін спорттық үйірмелердің ашылғанын хабарлаймыз.
Құрметті оқушылар, ата-аналар! Мектебімізде тегін спорттық үйірмелердің ашылғанын хабарлаймыз. Спортқа қызығушылығы мен икемі бар оқушыларға есігіміз ашық. Үйірмелерге тіркелу спорт залда жүргізіліп жатқанын естеріңізге саламыз.
1 «Б» сынып оқушылары Әліппемен қоштасу тәрбие сағатын өткізді.
26
желтоқсан
2022
1 «Б» сынып оқушылары Әліппемен қоштасу тәрбие сағатын өткізді.
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы № 208 мектеп-гимназиясында жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған  1 «Б» сынып оқушылары Әліппемен қоштасу тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Білімнің бастауы болған “Әліппеден” үйренгендерін тиянақтау.Білімдерінің артып,тіл байлығының молайып,саналарының өскендерін көрсету .Заман талабына сай,алғыр,білімді заманауи оқушылар болуына ,өзін -өзі басқара алатын талапты азаматты тәрбелеу.Шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Сынып жетекшісі:Токпаева Сауле Кенжебекқызы