“ Адал ұрпақ, өзін - өзі басқару” ұйымының бастамасымен «Адалдық дүкені» жұмысы жүргізілді. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “ Адал ұрпақ, өзін - өзі басқару” ұйымының бастамасымен «Адалдық дүкені» жұмысы жүргізілді.
25
қаңтар
2023

“ Адал ұрпақ, өзін - өзі басқару” ұйымының бастамасымен «Адалдық дүкені» жұмысы жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар мектебімізде жүзеге асырылу үстінде. Соның бірі, «Адалдық дүкенін» жиі іске қосу.
Мұндай жобаны жүзеге асыру жастардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр.Осылайша, бұл мекен оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ.
2022-2023 оқу жылының 25 -ші қаңтарында № 208 мектеп-гимназиямызда “ Адал ұрпақ, өзін - өзі басқару” ұйымының бастамасымен «Адалдық дүкені» жұмысы жүргізілді. Дүкеннің алғашқы сатып алушылары мектеп – гимназиямыздың оқушылары болды. Оқушыларымыз дүкеннен түскен табыстарын қайырымдылық шарасына жұмсамақшы. Осындай игі істеріміз алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. Ал, оқушыларымызға бастаған істеріне сәттілік пен табыс тілейміз💐💐💐
Мектеп - гимназиямызда жұмыс жасаған «Адалдық дүкені» — оқушыларымыз үшін тәрбие мекені болатынына сеніміміз мол.

@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия