Азаматтық қорғаныс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 2-ші желтоқсан күні Алматы қалалық жалпы сейсможаттығу өткізілді.
Азаматтық қорғаныс штабының «Құтқару тобы, өрт сөндіру тобы, байланыс және хабарлау тобы, санитарлық көмек көрсету тобы, радиация және химиялық қауіпке қарсы құтқару тобы, жеке қорғану құрал-саймандарын тарату тобы, қоғамдық тәртіпті бақылау тобы» құрылды. «Төтенше жағдай кезіндегі сенің іс-әрекетің» тақырыбында мектепішілік жаттығу өткізілді. Жаттығуға оқушылар құрамы мен оқытушылар құрамы толық қатысты. АҚ штабының басшысы Н.Өтебаев Алматы қаласының жалпы сейсможаттығу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бүгінгі өткізіліп жатқан жаттығудың маңыздылығына тоқталып өтті. Мектебіміздегі «Жас құтқарушылар» тобының қатысуымен апатты жағдай кезіндегі «Менің іс-әрекетім» атты шағын қойылым көрсетілді. Мектеп -гимназия медбикесі Ғ.Исакова «Менің іс-әрекетім» тақырыбында тәжірибе жүзінде оқушылармен жұмыс жүргізілді.