«Ата – ананың алақаны – балаға саялы бақ » » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ата – ананың алақаны – балаға саялы бақ »
28
сәуір
2023

«Ата – ананың алақаны – балаға саялы бақ »

АНАНЫҢ АЛАҚАНЫ — БАЛАҒА САЯ

«Ата – ананың алақаны – балаға саялы бақ » деп бекер аталмаса керек!
Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.
2023 жылдың 28 сәуір күні Наурызбай ауданына қарасты # 208 мектеп-гимназиясында Наурызбай аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес ұлттық құндылықтарға негізделген
«Ананың алақаны-балаға саялы бақ!»
атты аналарға арналған семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингті Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы : Кусаинова Салтанат Амангельдиева алғы сөзбен бастап, қоғам мен отбасындағы ананың маңызды орын алатындығына тоқталды.
Семинар-тренингке арнайы спикер болып “Сеніммен болашақ” Республикалық Қоғамдық бірлестігінің өкілі отбасы психологы, педагогы Қуаныш Қуатқызы және қоғамдық бірлестіктің директоры Ұлан Алмазұлы қатысты.
Жоғарыда айтылған аналардың жиналысына жалпы саны 200 ге жуық ана қатысып, шара барысында тақырыпқа сәйкес ата-аналармен тек баяндама емес мектеп-гимназияның педагог-психологтары Тойбазарова Самал мен Анарбек Жұлдыздың тренингтік жұмыстарымен жалғасын тауып, соңында білім алушылардың өз аналарына дайындаған сыйлықтары ұсынылды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығы туралы айтып аналар өз лебіздерін білдірді

@kusainova.s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия