«Тәрбие - тал бесіктен » атты іс-шара өткізілді. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәрбие - тал бесіктен » атты іс-шара өткізілді.
02
ақпан
2023

«Тәрбие - тал бесіктен » атты іс-шара өткізілді.

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы № 208 мектеп-гимназиясында 2022-2023 оқу жылының жоспарына сәйкес 1 сыныптың ата-аналары арасында «Тәрбие - тал бесіктен » атты іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы кішігірім болса да, ой тастарлық видеороликтер көрсетілді. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» – деп айтып кеткендей, балалардың баянды болашақтары үшін педагогтар мен ата-аналардың күшін біріктіріп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу мақсаты алға қойылды.
Бала тәрбиесі – басты мәселе.

Ата-аналарға арналған “Жіппен мұнара жасау” тренингі өтілді.
Мақсаты: «Баланы тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле, себебі, бала сенен көргенін қайталайды» демекші , Ата-аналар арасында жағымды психологиялық қатынас тудыру.Бір -біріне деген сенімді нығайту, психологиялық көңіл күйлерін көтеру, бір-біріне сыйластық қарым-қатынас орнату. Ата-аналар жасыл , қызыл, ақ түстер арқылы үш топқа бөлінді. Жіппен стакандарды бір-бірінің үстіне жылдамдықпен қойып , бірінші орын ақ түсті топқа берілді.
Қорытындылай келе , Ата-аналар өздерінің тараптарынан әр түрлі ұсыныстар, пікірлер білдіріп және сұрақтар қойды.
Ата-аналар тренингтан алған әсерлері мен жылы лебіздерін QR - код арқылы жеткізді . Яғни ұялы телефондарын қолдану арқылы , жиналыстан жақсы көңіл- күймен шыққанын , тренингтің ата-аналардың ауызбіршілікте болуына үлкен пайдасы болғанын хабарлады.

@kusainova_s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия