«Сенімен болашақ» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатысуымен негізгі мектепті бітіруші 9 сынып ата - аналарымен жиналыс өткізілді. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сенімен болашақ» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатысуымен негізгі мектепті бітіруші 9 сынып ата - аналарымен жиналыс өткізілді.
18
мамыр
2023

«Сенімен болашақ» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатысуымен негізгі мектепті бітіруші 9 сынып ата - аналарымен жиналыс өткізілді.

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы № 208 мектеп - гимназиясында 18 мамыр 2023 жылы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылар мен ата-аналарға оқушының мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтау керек екенін көрсету және де ата-аналарға жеткіншектердің болашақ мамандықтарын өз бетімен таңдауға мүмкіншілік беруін түсіндіру мақсатында «Сенімен болашақ» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатысуымен негізгі мектепті бітіруші 9 сынып ата - аналарымен жиналыс өткізілді.

“Сенімен болашақ” Республикалық Қоғамдық бірлестігінің директоры Ұлан Алмазұлының бастауымен семинар-тренингке арнайы спикер болып отбасы - психологтары Қуаныш Қуатқызы мен Айгүл Исламбекқызы және тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты, теолог, сарапшы Мирхат Мұратұлы қатысты.

Жоғарыда айтылған ата -аналар жиналысына жалпы саны 100-ге жуық ата-ана қатысты.

Ата – аналар жиналысында мамандық таңдаудың маңызы туралы жан – жақты айтылып, қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтар туралы мағлұматтар берілді. Іс-шара барысында Алматы қаласының 6 колледжісімен серіктестік орнап кеш соңы “Мамандықтар жәрмеңкесін”тамашалаумен, мамандықтар туралы мағлұмат алумен жалғасты.
1. Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжі
2. Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі
3. Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі №2
4. Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі
5. №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі
6. “Алматы құрылыс-техникалық колледжі” ұжымдарына алғыс білдіреміз!

Соңында Іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығы туралы айтып ата-аналар өз лебіздерін білдірді💐

@kusainova.s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия