«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбындағы құттықтау видео челленджі. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбындағы құттықтау видео челленджі.
04
қыркүйек
2023

«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбындағы құттықтау видео челленджі.

5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні🇰🇿

Айтулы мерекеге орай ана сүтімен дарыған тілімізге құрмет көрсету мақсатында мектебімізде түрлі іс-шаралар өтіп жатыр.

Бүгін мектеп-гимназия білім алушылары атынан осы мерекеге орай «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбындағы құттықтау видео челленджі.

Әлемде өзге ұлттың қас-қабағына жәутеңдеп, еркін жүріп-тұра алмайтын, азаттықты аңсаған жұрт қаншама. Олармен салыстырғанда біз ата-баба аманатына қиянат келтірмей, қазақ тілімізді  қаймағын бұзбай сақтаған бейбіт те тәуелсіз, бақытты халықпыз.
Бақытымыз баянды болу жолында аянбай тер төгіп, әр 15 күн сайын жойылып кетіп жатқан тілдер қатарына қосылмау амалын жасауымыз қажет. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» сөзін жаттап өскен ұрпақ осы ұғымды тілмен ғана емес, іспен дәлелдегей. Өз ана тілін жетік білетін нағыз қазақтар көбейе берсін🇰🇿❤️

@lyazzat__88
@kusainova.s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия 
№208 мектеп- гимназия (@208school.gymnasium) • Фото и видео в Instagram