мектебімізде Гимназия оқушылары арасында «Жырлайды жүрек» атты мектепішілік Мұқағали Мақатаев оқулары өтті. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » мектебімізде Гимназия оқушылары арасында «Жырлайды жүрек» атты мектепішілік Мұқағали Мақатаев оқулары өтті.
13
наурыз
2023

мектебімізде Гимназия оқушылары арасында «Жырлайды жүрек» атты мектепішілік Мұқағали Мақатаев оқулары өтті.

13 наурызда 2023ж. мектебімізде Гимназия оқушылары арасында «Жырлайды жүрек» атты мектепішілік Мұқағали Мақатаев оқулары өтті.

Шараға 5-10 сынып білім алушылары арасынан 50 ге жуық қатысушы ниет білдіріп, оның 31 іріктеу кезеңінен өтіп, сайысқа жолдама алған болатын.

Мүшайраның басты мақсаты: білім алушылар арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;
✓ Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;
✓ Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.
✓ Жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.
Жалпы мүшайра 3- кезеңнен тұрды:
1-кезең: Ақын өлеңдерін жатқа оқу
2-кезең: Ақынға арнау
3-кезең: Ақынның сөзіне жазылған әндерді орындау.

5-7 сынып білім алушылары бөлек, 8-10 сынып білім алушылары бөлек сайысқа түсіп, бақ сынасты.

Жарыстың қортыныдысы бойынша білім алушылар гимназия басшылығының арнайы дипломдарымен марапатталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

@kusainova.s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия