«Алматы - біздің ортақ үйіміз» челленджінің ашылу салтанаты өтті. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алматы - біздің ортақ үйіміз» челленджінің ашылу салтанаты өтті.
08
сәуір
2024

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» челленджінің ашылу салтанаты өтті.









Бүгін 8 сәуір 2024 жылы «Алматы - біздің ортақ үйіміз» челленджінің ашылу салтанаты өтті. 
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының мақсаты – тұрғындардың қаланың инфрақұрылымы мен қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыру үшін жағдай жасау, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу.
8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қаланың барлық ауданында қоқыс жинау, қалалық инфрақұрылым нысандарын тазарту, жаппай ағаш отырғызу бойынша іс-шаралар өткізіледі.
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны 4 негізгі кезеңге бөлінген.
          
      
Қазіргі әлемде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы,халық санының артуы, қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы табиғатқа үлкен қауіп төндіруде, осы орайда жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру-бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі; оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға, аялауға деген көзқарасын қалыптастыру.

#Алматыбіздіңортақүйіміз
#ҚалабіреуХалықтіреу
#Алматынашобщийдом
#НасМногоГородОдин