МАБ колледжінің ұйымдастыруымен “9 ай-9 іс-шара” шеңберінде “Жасыл мекен” челленджіне қатысу мақсатында мектебімізде көшет отырғызды. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МАБ колледжінің ұйымдастыруымен “9 ай-9 іс-шара” шеңберінде “Жасыл мекен” челленджіне қатысу мақсатында мектебімізде көшет отырғызды.
22
мамыр
2023

МАБ колледжінің ұйымдастыруымен “9 ай-9 іс-шара” шеңберінде “Жасыл мекен” челленджіне қатысу мақсатында мектебімізде көшет отырғызды.

“Атадан мал қалғанша, тал қалсын” деген сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын бұл дәстүр өз өміршеңдігін жойған емес. Жыл сайын жаңадан ағаш отырғызу жұмыстары көктем мезгілінде басталып, қара күзге дейін жалғасады.

Осы орайда 22 мамыр 2023 жылы Алматы қаласы, МАБ колледжінің ұйымдастыруымен “9 ай-9 іс-шара” шеңберінде “Жасыл мекен” челленджіне қатысу мақсатында мектебімізде көшет отырғызды.

Бүгінгі іс -шараға МАБ колледжінің директоры Хисматуллина Альфия Анваровна және Алматы қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік даму бөлімінің бас инспекторы – Алматы қаласы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Гүлнар Қасымбекқызы арнайы келіп, колледж студенттерімен бірге шараға атсалысып, болашақ ұрпаққа сая болатын ағаш көшеттерін отырғызды.

“Жасыл мекен” челленджі қоршаған ортаға білім алушылардың еңбегі мен қамқорлығын көрсетеді.

@kusainova.s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия #табиғатқақамқорлық #жасылмекен