СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
25
мамыр
2024

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

25 мамыр – еліміздегі барлық орта білім беру мекемелері үшін ерекше күн. Өйткені, дәл осы күні кезекті оқу маусымы аяқталып, мектеп оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылады. Биылғы соңғы қоңырау салтанаты мектеп-гимназиямыз үшін тарихи оқиға десе болады. Себебі, биыл білім ошағы қабырғасынан 11 сыныпты аяқтаған алғашқы түлектер үлкен өмірге қанаттанбақ.
Салтанатты жиынның шымылдығы Наурызбай ауданының әкімі Н.Тоғызбаеваның құттықтау сөзімен ашылды.
Сонымен қатар, мектеп басшысы, ардагер ұстаздар, ата-аналар іс-шара барысында құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді.
Шара барысында өткен оқу маусымында білім мен өнерде, спорт пен шығармашылықта үздік нәтижеге қол жеткізген оқушылардың шеруі мен ұстаздар марапатталып, мектеп білім алушыларының концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Құрметті мектеп түлектері!

Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар. Елдің қуаты мен қозғаушы күші - Сіздерсіздер. Алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспіз. Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралыңыздар😊❤️

@kusainova.s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия