«Жаңа жыл республика төрінде» тақырыбында дәстүрлі Президенттік шырша өтті » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Жаңа жыл республика төрінде» тақырыбында дәстүрлі Президенттік шырша өтті
26
желтоқсан
2023

«Жаңа жыл республика төрінде» тақырыбында дәстүрлі Президенттік шырша өтті

Алматыда «Жаңа жыл республика төрінде» тақырыбында дәстүрлі Президенттік шырша өтті. Гимназиямыздан Қуанышбек Сұлтан мен ұжым басшысы Аденова Гулбағда Есейханқызы қатысты.

Салтанатты шараға түрлі санаттағы 300 бала қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев құттықтап, зор денсаулық, мол табыс және Жаңа жылда барлық арман-ниеттердің орындалуын тіледі. Мерекелік бағдарламада «Жаңа жылдық сиқыр» музыкалық-интерактивті шоу-спектаклі қойылды. Аяз ата, Ақшақар, 2024 жылдың символы айдаһар мен танымал мультфильмдердің кейіпкерлері, аниматорлардың хореграфиялық сүйемелдеуімен театрландырылған қойылым көрсетілді. Сонымен қатар кішкентай қонақтарға тәтті дастархан жайылып, танымал сиқыршы Мұрат Мұтырғановтың жаңа жылдық шоу-бағдарламасы ұсынылды.

🎂 Іс-шара соңында балалар Қазақстан Республикасы Президенті атынан Apple iPad, ертегі кітаптары, Lego ойыншықтары және тәттілер жиынтығынан құралған сыйлықтар алды.

@kusainova.s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия