Бұрымды қыз... » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
қыркүйек
2024

Бұрымды қыз...

Бұрымды қыз...
Тәрбие — ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыруда 2024-2025 оқу жылының басында №208 мектеп-гимназиясы «Бұрымды қыз- қашанда сұлу» жобасын ұйымдастырды.
Жобаға мектебіміздің 3-11- сынып аралығындағы бұрымды қыздары қатысты. Мектебіміздің бұрымды қыздары жобаға қатысып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Осындай тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрімізді дәріптейтін жобалар еліміздің басқа да мектептерінде өткізілсе деген мақсатта челендж жолдады.
Қыз баласына ерекше құрметпен қараған еліміз үшін бұл ұзақ жылдық, тәрбиелік мәні бар шара. Бұрым — қыздардың бойындағы жинақылық, сұлулық, тазалық, ибалылық қасиеттерімен бірге ұлтымыздың ерекшелігін көрсетеді.
@kusainova.s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri