«Ұлттық құндылық - білім мен тәрбие өзегі» атты ата-аналар жиналысы өтті. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлттық құндылық - білім мен тәрбие өзегі» атты ата-аналар жиналысы өтті.
13
қыркүйек
2024

«Ұлттық құндылық - білім мен тәрбие өзегі» атты ата-аналар жиналысы өтті.

    • Алматы қаласы, Наурызбай ауданына қарасты №208 мектеп-гимназиясында «Ұлттық құндылық - білім мен тәрбие өзегі» атты ата-аналар жиналысы өтті.
      ✅Жиналыстың мақсаты: жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу. Бала қауіпсіздігіне өте қатты көңіл бөлу. Ұлттық құндылығымызды дәріптеу, бала тәрбиесіне мән беру.

      Ата - аналар жиналысында ,зорлық - зомбылыққа жол бермеу , бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету : бала үйде , көшеде , көлікте жалғыз қалғанда , оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірудің алдын алу және қатыгездік жасаудың алдын алу , баланы қолдауға бағытталған психологиялық кеңес , тренингтер жүргізу және баланы қоғамдық ортаға сай әлеуметтендіру арқылы азаматтық белсенділігін арттыру көзделді.

      Алғашқы сөзді мектебіміздің директоры Г.Е.Аденова бастап, мектебіміздің миссиясын таныстырды. Мектеп миссиясы бойынша ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, ата-аналарымыздың бір сәт ойын сергіту мақсатында ұлттық ойындар, қолөнер, сурет салу сынды шеберлік сағаттары ұйымдастырылғанына баса назар аудартты.

      Мектеп-гимназия директоры Г.Е.Аденова жан басына шаққанда қаржыландыру бойынша мектебімізде атқарылып жатқан әрбір істі бейнематериал арқылы көрсетіп, әлі де мектеп үшін, балалар үшін түрлі жұмыстарды даму жоспары бойынша іске асатынын айтты. Мектептің ішкі тәртібімен таныстырып, мектеп формасын, сабақтан кешікпеу керектігін, жалпы ата-аналарға баяндап өтті. Ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдап, кері байланыс алды. Барлық ата- аналар өз ойларын ортаға салып, бала тәрбиелеудегі өздерінің ой- пікірлерімен бөлісіп,өте қызықты өтті.

      @kusainova.s.a
      @nauryzbay_bilim_bolimi
      @edu.almaty
      @almaty_mektepteri
      #наурызбайауданы #наурызбайроо
      #208гимназия

      Отредактировано · 
      Показать перевод


      • 208school.gymnasium

        ЮПБ аға инспекторы, полиция майоры Е.Б.Нугманов баяндама жасап, оқушылардың түнгі мезгілде көшеде, әсіресе, компьютерлік ойынханаларда жүрмеуі, жол жүру ережелерін сақтау, ұялы телефондарды дұрыс пайдалану, балалардың бір-бірімен қарым-қатынаста дұрыс болуын, сабақтан тыс уақытта ата-аналардың балаларды қадағалау керектігін атап өтті.

        Мектебіміздің педагог-психологы С.С.Тойбазарова өзінің эксперименті арқылы жаны сау ұрпақты тәрбиелеуде ата-аналардың маңызды рөлін көрсетті. Ата-аналар бұл экспериментте айтылған бала үшін әрбір сөзі, оның жеке тұлға, болашақ ұрпақтың дамуындағы маңызды рөл атқаратынын көрді.