Біз туралы » Страница 12 » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектебімізде тегін спорттық үйірмелердің ашылғанын хабарлаймыз.
18
қаңтар
2023
Мектебімізде тегін спорттық үйірмелердің ашылғанын хабарлаймыз.
Құрметті оқушылар, ата-аналар! Мектебімізде тегін спорттық үйірмелердің ашылғанын хабарлаймыз. Спортқа қызығушылығы мен икемі бар оқушыларға есігіміз ашық. Үйірмелерге тіркелу спорт залда жүргізіліп жатқанын естеріңізге саламыз.
№208 мектеп-гимназияда « Қыз елдің көркі » атты тақырыпта 7- 10 сынып оқушыларына қыздар жиналысы өтті.
17
қаңтар
2023
№208 мектеп-гимназияда « Қыз елдің көркі » атты тақырыпта 7- 10 сынып
2023 жылдың 17 қаңтар күні №208 мектеп-гимназияда « Қыз елдің көркі » атты тақырыпта 7- 10 сынып оқушыларына қыздар жиналысы өтті. Мақсаты: 1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. 2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.А.Кулирбекова, мектеп-гимназия медбикесі Утешова Р.Б. қатысуымен қыз балаларының жеке бас
№208 мектеп -гимназиясында  бірыңғай ұлдар жиналысы өткізілді
17
қаңтар
2023
№208 мектеп -гимназиясында бірыңғай ұлдар жиналысы өткізілді
№208 мектеп -гимназиясында 17.01.2023 ж. күні бірыңғай ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, құқықбұзушылықтың алдын алу, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды. Қатысқандар: Мектеп -гимназия директоры Аденова Г.Е.; директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Кулирбекова Э.А және Сағындық Д. А.; мектеп инспекторы Махатаева Р.С.  және де 5-10 сынып оқушылары. Күн тәртібіндегі
“Жақсы көңіл-күй жан шуағы” тақырыбында тренинг тимблдинг өткізді.
06
қаңтар
2023
“Жақсы көңіл-күй жан шуағы” тақырыбында тренинг тимблдинг өткізді.
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №208 мектеп-гимназиясында 05.01.2023 жылы мектеп психологтары Тойбазарова Самал және Анарбекова Жұлдыз “Жақсы көңіл-күй жан шуағы” тақырыбында тренинг тимблдинг өткізді. Мақсаты: педагогтар арасында жағымды қарым-қатынас орнату; Ұжым мүшелерінің бір-біріне деген сенімділігін арттыру; позитивті көңіл-күй сыйлау. Тренинг- тимблдингке педагогтар белсенді қатысты. Алдағы уақытта тағы да ұжымға тренингтер өткізіледі. @otdel_obrazovaniya_nauryzbay @edu.almaty
«АБЫРОЙЛЫ ҰСТАЗ: Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» байқауы
27
желтоқсан
2022
«АБЫРОЙЛЫ ҰСТАЗ: Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» байқауы
«АБЫРОЙЛЫ ҰСТАЗ: Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» байқауының аудандық кезеңінде III орынға ие болған № 208 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Әбдірайым  Балнұр Мамбетқұлқызы марапатталды. Құттықтаймыз 💐
1 «Б» сынып оқушылары Әліппемен қоштасу тәрбие сағатын өткізді.
26
желтоқсан
2022
1 «Б» сынып оқушылары Әліппемен қоштасу тәрбие сағатын өткізді.
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы № 208 мектеп-гимназиясында жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған  1 «Б» сынып оқушылары Әліппемен қоштасу тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Білімнің бастауы болған “Әліппеден” үйренгендерін тиянақтау.Білімдерінің артып,тіл байлығының молайып,саналарының өскендерін көрсету .Заман талабына сай,алғыр,білімді заманауи оқушылар болуына ,өзін -өзі басқара алатын талапты азаматты тәрбелеу.Шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Сынып жетекшісі:Токпаева Сауле Кенжебекқызы
“Almaty Ustazy” конкурсы
23
желтоқсан
2022
“Almaty Ustazy” конкурсы
Алматы қаласы әкімінің жас педагогтар арасында өткен “Almaty Ustazy” конкурсына жоғарғы деңгейдегі дайындығы мен  белсене қатысқаны үшін №208 мектеп - гимназиясының биология пәні мұғалімі Абдрахманова Венера мен бастауыш мұғалімі Әбдірайым Балнұрға алғыс білдіреді. Құттықтаймыз.
“ Жас дизайнер ” тігін үйірмесі
14
желтоқсан
2022
“ Жас дизайнер ” тігін үйірмесі
Құрметті оқушылар, ата- аналар! Мектебімізде қыз балаларға арналған “ Жас дизайнер ” тігін үйірмесінің ашылғандығын хабарлаймыз!
“ Сиқырлы қылқалам ” бейнелеу өнері
14
желтоқсан
2022
“ Сиқырлы қылқалам ” бейнелеу өнері
Құрметті оқушылар, ата- аналар! Мектебімізде “ Сиқырлы қылқалам ” бейнелеу өнері үйірмесінің ашылғандығын хабарлаймыз!