№208 мектеп -гимназиясында бірыңғай ұлдар жиналысы өткізілді » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №208 мектеп -гимназиясында бірыңғай ұлдар жиналысы өткізілді
17
қаңтар
2023

№208 мектеп -гимназиясында бірыңғай ұлдар жиналысы өткізілді

№208 мектеп -гимназиясында 17.01.2023 ж. күні бірыңғай ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, құқықбұзушылықтың алдын алу, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды.
Қатысқандар: Мектеп -гимназия директоры Аденова Г.Е.; директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Кулирбекова Э.А және Сағындық Д. А.; мектеп инспекторы Махатаева Р.С.  және де 5-10 сынып оқушылары.
Күн тәртібіндегі қойылған  мәселелер бойынша  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп инспекторы мектептің iшкi тәртіп ережелерін таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысуын, қарым-қатынас мәдениетін, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті.  Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстарымен жалғасты. Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік берілді. Жиналыс соңында ұлдар өз ойларын айтып, мазалап жұрген сұрақтарына жауап алды.
#208мектепгимназия