№208 мектеп - гимназиясында білім алушыларды тасымалдау мақсатында 4 автобус өз жұмысын бастады. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №208 мектеп - гимназиясында білім алушыларды тасымалдау мақсатында 4 автобус өз жұмысын бастады.
09
қаңтар
2023

№208 мектеп - гимназиясында білім алушыларды тасымалдау мақсатында 4 автобус өз жұмысын бастады.

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №208 мектеп - гимназиясында білім алушыларды тасымалдау  мақсатында 4 автобус өз жұмысын бастады. Автобустар 3 бағыт бойынша қызмет көрсететін болады. Бағыттар келесідей бөлінген:
1. #1 және #2 автобустардың бағыты: Әшімов көшесіндегі #7 аурухана аялдамасынан бастау алып, Әшімов көшесімен жоғары бағытқа жол жүріп, Абай даңғылындағы №208 мектеп -гимназияға білім алушыларды жеткізеді. (Қайтар жол дәл осы бағыттар бойынша жүргізіледі);
2. #3 автобустың бағыты: Сәбденов көшесіндегі №157 жалпы білім беретін мектебінен бастау алып, Алатау даңғылымен жоғары Абай даңғылына дейін көтеріліп, Абай даңғылындағы №208 мектеп -гимназияға білім алушыларды жеткізеді. (Қайтар жол дәл осы бағыттар бойынша жүргізіледі)
3. #4 автобустың бағыты: Алма сити тұрғын үй кешенінде орналасқан Magnum дүкенінен бастау алып, Алатау көшесімен жоғары бағытқа Абай даңғылына дейін жол жүріп, Абай даңғылындағы №208 мектеп -гимназияға білім алушыларды жеткізеді. (Қайтар жол дәл осы бағыттар бойынша жүргізіледі)
Ескерту: Құрметті Ата-аналар! Кестеде көрсетілген уақыттан кешікпеулеріңізді сұраймыз. Кешіккен жағдайда, балаңызды мектепке өзіңіз алып келетіндеріңізді ескертеміз!

Автобустардың аялдау уақыты:
#1 және #2 автобус - 7:10 #7 ауруханасынан шығып 7:50 (мектепке)
#3 автобус - 7:10 Сабденов көшесі #157 жббм шығып 7:50 (мектепке)
#4 автобус - 7:10 Алма сити тұрғын үй кешені Магнум сауда орталығынан шығып 7:50 (мектепке)

#1,2,3,4 автобустардың қайту уақыты
13:40-15:00 (үйге)

@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri