7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңі
«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және колдау жөніндегі орталығы 2022-2023 оқу жылының жоспарына сәйкес 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінен оқушыларымыз жоғары дәрежедегі орындарға қол жеткізді.
Мектебімізден 7-8 сынып оқушыларынан жалпы саны 17 оқушы қатысып, 17 оқушымыз да жүлделі орындарға ие болып оның ішінде 4 оқушымыз қалалық кезеңге жолдама алды.
Терең білімімен ерекшеленіп, жеңіс тұғырынан танылған шәкірттерімізді, олардың ұстаздары мен ата-аналарын құттықтаймыз💐💐💐