№208 мектеп-гимназиясында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында семинар өтті. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №208 мектеп-гимназиясында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында семинар өтті.
28
тамыз
2024

№208 мектеп-гимназиясында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында семинар өтті.

Ағымдағы жылдың 28 тамыз күні №208 мектеп-гимназиясында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында семинар өтті.
Семинарға мектеп-гимназия басшысы, 1-11 сынып жетекшілері және тәрбие ісінің орынбасарлары қатысты. Семинар барысында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әбдірайым Б.М. 2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен негізгі бағыттары, сондай-ақ тәрбие процесінің тиімділігін арттыру жолдары талқыланды. Бағдарлама ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға білімді, адал ұрпақты тәрбиелеуді көздейді.
Тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап сияқты құндылықтар көрініс табуы қажеттілігін атап, сынып жетекшілерге тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тиімділігін арттырудың жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жаңа оқу жылындағы білім алушылардың мектеп формасын сынып жетекшілер тарапынан қадағалау, баланың мектепке қауіпсіз келіп-кетуі, ұялы телефондар мен тиым салынған заттар туралы да ескертілді.
          Семинар жоғары деңгейде өтті.

@kusainova.s.a
@nauryzbay_bilim_bolimi
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия