«ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ – 2025» » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ – 2025»
30
қыркүйек
2024

«ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ – 2025»


🔹2024 жылдың 30 қыркүйек күні «ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ – 2025» тақырыбында 11 сынып ата-аналарымен жиналыс өтті. Негізгі мақсат: ҰБТ-ның өткізілу тәртібі мен ережелерін таныстыру. 
🔹Мектеп-гимназия директоры Г.Е.Аденова алдағы уақытта болатын Мемлекеттік білім беру грантындағы бірқатар өзгерістермен және ҰБТ өткізу тәртібімен таныстырып өтті. 
ҰБТ-ға дайындау жөнінде ақпараттар берді.
🔹Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.К.Өтебаев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және “Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» № 204 бұйрығымен бекітілген жалпы ҰБТ-ның ережелері, өткізу тәртібі және қағидалары мен 2023-2024 оқу жылының қорытындысын салыстырмалы түрде көрсетті. 
 🔹2024-2025 оқу жылында 11 сынып білім алушыларының ҰБТ-ге дайындығын бақылау мақсатында қыркүйек айында мектепішілік тест жұмысы алынды. Алынған тест нәтижелерін жан-жақты талдап, оқушылардың алған білімдерінің қорытындысымен ата-аналарды таныстырды. 100 баллдан жоғары жинаған білім алушыларды атап өтті.  ЖОО  сайтынан оқу орындары мен таңдау пәндері туралы ақпарат берді.
🔹Ата-аналар өздерінің талаптарымен балалардың мүмкіндіктерінің ара-қатынасы туралы өз ойларын ортаға салды.

@kusainova.s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо