«Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан!» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан!» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
13
қазан
2025

«Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан!» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді.

Бүгін мектебімізде Республика күніне орай 1–11 сынып білім алушыларына арналған «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан!» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
🔹 Сабақтың мақсаты – оқушылардың бойында елін, жерін сүйетін патриоттық сезімді қалыптастыру, тәуелсіздік ұғымының қадірін түсіндіру, еліміздің тарихы мен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін ояту, белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлға тәрбиелеу.

Сонымен қатар:
✅ «Қауіпсіздік сабақтары» өткізіліп, оқушылардың жеке қауіпсіздігі мен жол жүру ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
✅ «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық тәрбие мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері талқыланды.
✅ «Көмек» жобасы шеңберінде оқушылар арасында өзара қолдау көрсету, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін дамыту бағытында жұмыстар ұйымдастырылды.
✅ Буллингтің алдын алу мақсатында “ДОСБОЛLIKE” атты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, достық пен сыйластықтың маңызы атап өтілді.

@kusainova.s.a
@nauryzbay_bilim_bolimi
@sairan.saifedenov
@edu.almaty
@almaty_birtutas_tarbie
@almaty_mektepteri
#республикәкүні #тәуелсізқазақстан #наурызбайауданы #наурызбайроо #208гимназия #Republicday #25қазан #декларация35жыл #МеніңҚазақстаным