«ҰЛЫ даланың - ҰЛЫ тұлғасы» атты 5-7 сынып оқушылары арасында танымдық сабақ өтті. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ҰЛЫ даланың - ҰЛЫ тұлғасы» атты 5-7 сынып оқушылары арасында танымдық сабақ өтті.
15
ақпан
2023

«ҰЛЫ даланың - ҰЛЫ тұлғасы» атты 5-7 сынып оқушылары арасында танымдық сабақ өтті.

Әлем тарихында қабырғасы қайысқан ұлтының рухын көтеріп, елінің еңсесін тү­зеген танымал тұлғалар жетерлік. Соның бірі Бейбарыс Сұлтан. Биыл Мысырда Мәмлүк мемлекетінің негізін қалаған, төртінші сұлтаны Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Бейбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойы аталып өтеді.

Сұлтан Бейбарыс - тек қазақ емес бүкіл түркі халықтарының мақтанышына айналған, мәмлүктер арасынан ер жүректілігімен, ақылымен, дарынымен көзге түсіп, құлдықтан таққа дейін көтерілген ұлы бабамыз.

Бүгін Бейбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойы аясында мектебімізде тарих пәнінің мұғалімдері: Алимова Гүлмира мен Тагибаева Айгул «ҰЛЫ даланың - ҰЛЫ тұлғасы» атты 5-7 сынып оқушылары арасында танымдық сабақ өтті.

Оқушылар сабақ барысында Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті, абырой, ар мен намысты жоғары қойған  ержүрек Бейбарыс сұлтан туралы әңгімелеп, айбынды қолбасшы, дана саятшы, өз ұлтының адал ұлы, бөтен жерде жүрсе де өгей ұлдай болмаған Бейбарыстың өмір жолы туралы бұрын айтылмаған, белгісіз болып келген тың деректермен таныстырды.

Ізденімпаз оқушыларымыз бен әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз!

@kusainova_s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия