“Математика-Логика” кітабының авторы Өтепов Нұрлан Ырысқалиұлы 4-10-сынып оқушыларымен кездесу кешін өткізді. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Математика-Логика” кітабының авторы Өтепов Нұрлан Ырысқалиұлы 4-10-сынып оқушыларымен кездесу кешін өткізді.
17
ақпан
2023

“Математика-Логика” кітабының авторы Өтепов Нұрлан Ырысқалиұлы 4-10-сынып оқушыларымен кездесу кешін өткізді.

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.

Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі.Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».
Осы орайда мектебімізде 2023 жылдың 16 ақпанында жоғары санатты ұстаз, “Математика-Логика” кітабының авторы Өтепов Нұрлан Ырысқалиұлы 4-10-сынып оқушыларымен кездесу кешін өткізді.

Кездесу кешінде бастауыш сынып оқушылары күрделі есептерді логикамен жұмыс жасау арқылы оңай жолдармен шығару жолдарын үйренсе, жоғарғы сынып оқушылары емтихан уақыттарында және ҰБТ кезінде уақытты тиімді пайдалана отырып, есептің жауабын тез таба алу мен қатесіз шығару жолдарынан «Математика- логика” кітабының авторы Нұрлан Ырысқалиұлынан тәжірибе алып, білімдерін толықтыруға мүмкіндік алды. Сонымен қатар кездесу барысында автордың оқулығы біраз оқушылар мен оқытушылардың кәдесіне жарап жатқандығына көз жеткіздік.

Мектеп ұжымы мен оқушылары Нұрлан Ырысқалиұлының бүгінгі өткізген семинарына өз қызығушылықтарын білдірді. Семинарға қатысқан оқушылар логикалық есептердің үлгілерін оңай жолмен шығара алатындықтарына көз жеткізіп, қуаныш сезімдерін жасыра алмады.
@nurlan_otepov_bilim Әрдайым еңбегіңіз жана берсін, жаңа биік жетістік шыңдарына көтеріле беріңіз деп тілейміз💐

@kusainova.s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия