03
ақпан
2023
“ Суреттер сөйлейді “ тақырыбында семинар өткізді.

Қайырлы кеш құрметті оқырмандар !Мектепаралық ынтымақтастықты дамыту, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және педагогикалық тәжірибе алмасудың бастапқы алаңын құру мақсатында ғылыми - жаратылыстану бірлестігінің жоспарына сәйкес мұғалімдер арасында “ Суреттер сөйлейді “ тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында № 208 мектеп -гимназиясының математика пәні мұғалімі Әбдіманап Жомарт Нұрланұлы әріптестерімен ынтымақтаса жұмыс жүргізе отырып, озық тәжірибесін ортаға салып, шебер-класс өткізді.
Семинарға 20-дан астам мұғалім қатысты. Семинарға қатысқан мұғалімдер семинардың пайдалылығы, яғни “Суреттер сөйлейді” әдісі арқылы оқушылардың жаңа тақырыпты меңгерулері жеңіл болатынын және тіл дамыту жұмысы барлық бағытта жүретінін ерекше атап өтті.
Еліміздің білім саласының дамуына өз үлесін қосып, шәкірттері халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда жеңіс тұғырынан танылған әріптесімізге семинар үшін алғыс айтамыз💐
@kusainova_s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия