“Tea party” сыныптан тыс танымдық іс - шарасы өткізілді. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Tea party” сыныптан тыс танымдық іс - шарасы өткізілді.
24
ақпан
2023

“Tea party” сыныптан тыс танымдық іс - шарасы өткізілді.

Сіз шайды қалай ішесіз?! Расында да сонау бойға қуат беріп, ерекше күш сыйлайтын қастерлі сусын – шайды күнделікті ішіп отырып «осы шайды ішудің де арнайы салтанаты бар ма екен?» деп ойланбаған да боларсыз. Әрине, шайды әр мемлекет әртүрлі ішеді. Шайды барлық жерде жақсы көреді, бұл қытайлықтардың, жапондардың, ағылшындардың және қазақтардың сүйікті сусындарының бірі. Әр түрлі аурулардың емі ретінде ол Үндістан мен Грецияда, Түркия мен Италияда да құрметтеледі.

Бүгін мектебімізде ағылшын тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен балалардың арасындағы қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу және де шайдың пайда болу тарихы мен шай ішу рәсімдерімен таныстыру мақсатында “Tea party” сыныптан тыс танымдық іс - шарасы өткізілді.

Оқушылар іс - шара барысында:
7 А сыныбы - Kazakh 🇰🇿 ,Egypt 🇪🇬
9 Г сыныбы - India 🇮🇳
9 А сыныбы - Turkey 🇹🇷
10 Ә сыныбы - Tashkent 🇺🇿
10 Б сыныбы - China 🇨🇳
10 А сыныбы - Great Britain 🇬🇧 -
халықтарының шай дайындау тәселдерін және өзіндік дәстүрлерімен таныстырды.
Әр топ өзінің шай үстелін дайындап және шайдың жарнамалық нұсқасын ағылшын тілінде айтты.

Бүгінгі өткізілген іс - шараға белсене қатысқан оқушыларымызға рақмет❤️ Өздерінің шығармашылық жұмыстарын жоғарғы деңгейде көрсетті. Ізденімпаз оқушыларымыз бен әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз!

Шай ішіңіздер! Ауырмаңыздар! Назар аударғандарыңыз үшін рахмет💐

@kusainova_s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия