«Болашақта сұранысқа ие мамандықтар » тақырыбында 9-10 сынып оқушыларына семинар- тренинг өткізілді. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Болашақта сұранысқа ие мамандықтар » тақырыбында 9-10 сынып оқушыларына семинар- тренинг өткізілді.
19
мамыр
2023

«Болашақта сұранысқа ие мамандықтар » тақырыбында 9-10 сынып оқушыларына семинар- тренинг өткізілді.

№ 208 мектеп - гимназиясында 18 мамыр 2023 жылы мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, дұрыс бағыт-бағдар беріп, шешім қабылдауларын қалыптастыру мақсатында «Болашақта сұранысқа ие мамандықтар » тақырыбында 9-10 сынып оқушыларына семинар- тренинг өткізілді.

Семинарда мамандық таңдаудағы балаға көмек көрсету жолдары, түлектер арасында ең танымал мамандықтар, қазіргі заманның табысты мамандары туралы ата – аналар мен оқушыларға ақпарат берілді.

Мектеп психологі Ж. Анарбекова «Менің мамандығым - менің болашағым» тақырыбында оқушыларға баяндама оқыды. Баяндама соңында кері байланыс алу мақсатында ситуациялық сұрақтар қойылды және де сұрақтарға белсенді жауап берді. Оқушылар мамандақ таңдау мәселесіне байланысты өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Сонымен қатар мектеп - психологі мамандықты дұрыс таңдау және де мамандықты таңдау барысында жіберілетін қателіктер туралы айтып, психологиялық кеңестер берді.

Іс-шара барысында Алматы қаласының 6 колледжісімен серіктестік орнап кеш соңы “Мамандықтар жәрмеңкесін”тамашалаумен, мамандықтар туралы мағлұмат алумен жалғасты.
1. Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжі
2. Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі
3. Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі №2
4. Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі
5. №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі
6. "Алматы құрылыс-техникалық колледжі" ұжымдарына алғыс білдіреміз!

Жиналыс соңында оқушылар алғыстарын білдірді💐

@kusainova.s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия