«Көркем сөздің жұлдызы» атты блиц-кездесу болып өтті. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Көркем сөздің жұлдызы» атты блиц-кездесу болып өтті.
25
желтоқсан
2023

«Көркем сөздің жұлдызы» атты блиц-кездесу болып өтті.

Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың тапсырмасын орындау мақсатында білім беру ұйымдарында өткізілетін «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы негізінде оынң ішінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2023 жылдың 25 желтоқсанында Наурызбай ауданы, №208 мектеп-гимназиясында ұлттық құндылықтарға негізделген «Көркем сөздің жұлдызы» атты блиц-кездесу болып өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі, жазушы, аудармашы, «Серпер» сыйлығының иегері Саят Қамшыгер мен Башқұрт жазушысы. Сонау Башқұртсан елінен арнайы келген, Башқұртстан және Ресей Жазушылар одағының мүшесі, Шайхзада Бабич атындағы Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Қазақстанда өте көп көлемде оқылымға ие болған бестселлер «Тастамашы ана!» кітабының авторы: Айгиз Баймұхаметов қонақта болды.
Кездесудің басты мақсаты: жастар мен жасөспірімдердің ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол шығармаларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне және деген сүйіспеншіліктерін арттыру, бауырмашылдылыққа тәрбиелеу.
Кеш барысында «Тастамашы ана!» кітабын оқыған көптеген білім алушыларымыз кітаптан үзінді қойып, монологтарын орындап, шет елден келген қонағымыздың көңілінен шыға білді. Қазан айында бастау алған бұл игі іс-шарамыздың қорытынды іспеттен кездесу болды. Жоғарыда аталған шығарманы мектеп-ата-ана-оқушы және автор болып барлығымыз ортаға салып талдаған кеш болды. Білім алушылар шығарма авторына өздерінің көкейінде жүрген сауалдарын қойып, жауабын алды. Кітапты оқыған ата-аналарымыз да өз сұрақтарын қойып артынша жылы лебіздерін, ыстық ықыластарын білдірді.
Кездесуге арналған бір сағатқа жазушыларымыздың шығармашылығын сыйғызу мүмкін емес дегенмен жазушының өзімен болған бетпе-бет кездесудің барлық көрмермендерге ұнағанын нақты айта аламыз.
Кеш соңын аудандық білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангелдіқызы өзінің алған әсерімен бөлісіп, келген қонақтарға алғысын білдірді.
Мектеп-гимназиямыздың директоры келген қонақтарымызға сыйлығын ұсынып, жылы лебізін білдіріп кешімізді қорытындылады.