24
қыркүйек
2024
«Ата – ана бақылауы: Баланың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында кеңейтілген ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.

Отбасы – тәрбие көзі, мектеп – оны шыңдаушы. Білімді ұрпақ тәрбиелеудің ата-ана мен мектептің тығыз байланысында өтуі биік нәтижеге жеткізеді.
Бүгін №208 мектеп – гимназиясында «Ата – ана бақылауы: Баланың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында жалпы ата – аналар жиналысы өткізілді.
✅Жиналыстың мақсаты: жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу. Бала қауіпсіздігіне өте қатты көңіл бөлу. Ұлттық құндылығымызды дәріптеу, бала тәрбиесіне мән беру.
Жиналысқа Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы С.А. Кусаинова, Наурызбай ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары, майор Ә.Т.Қозыбеков, ЖПҚ бастығы, майор Е.Қ.Байгутов, мектеп-гимназияның ұстаздары және ата-аналар қатысты.
♻️Алғашқы сөзді мектебіміздің директоры Г.Е.Аденова бастап, мектебіміздің миссиясын және ата-аналарға күн тәртібіндегі мәселелер бойынша толық ақпарат берді.
♻️Жиналыс барысында Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы С.А. Кусаинова ата-аналармен кездесіп, пікір алмасу арқылы балалардың ата-ана үшін, мектеп үшін, қоғам үшін маңызды рөлде екенін, балаларға уақыт бөлудің, мейірім мен махаббатқа бөлеудің, тәртіпке шақырудың қандай нәтижеге алып келетінін айқын мысалдармен айтып өтті.
♻️Сонымен қатар, Наурызбай ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Ә.Т.Қозыбеков баяндама жасап,оқушылардың өмір қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтіп, Наурызбай ауданы ПБ ӘП бөлімінің бастығы полиция майоры Е.Қ.Байгутов өз баяндамасында жолда жүру ережесіне аса зор мән беру керек екендігін ескерте кетті.
📌Жиын соңында қонақтар мен ата-аналар арасында диалог өрбіді, бүгінгі күнгі өзекті мәселер аясында пікірталас жүрді.Жиналысты қорытындылай келе, мектеп пен ата-аналар бірлесе әрі ынтымақтаса әрекет ету арқылы сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады деген шешімге келді.
@kusainova.s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия