01
қазан
2024
1 - қазан қарттар күніне орай « Қарттарым- асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара болып өтті.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №208 мектеп-гимназиясының 3 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 1 - қазан қарттар күніне орай « Қарттарым- асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шарада мектебіміздің өнерлі ұл-қыздары өнерлерін көрсетіп , «Жас талант» театр үйірмесі “Нағыз әже қайда ?” қойылымымен қарияларымызды тәнті етіп , батасына бөленді.
Мақсаты: Балаларға 1-қазан қарттар күні туралы түсінік бере отырып, қарттарға құрметпен қарауға, сыйлауға үйрету, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру. Үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға, халқымыздың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыздан нәр алуға, сақтай білуге тәрбиелеу. Балаларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.
Көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына - сүйеу, жұртына қамқор боп, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, балалары мен немерелерінің қызығып көріп, аман-сау күн кешкей.
@kusainova.s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо