9 “В” сынып оқушыларының ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге...» атты мерекелік іс-шара өтті. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9 “В” сынып оқушыларының ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге...» атты мерекелік іс-шара өтті.
06
наурыз
2023

9 “В” сынып оқушыларының ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге...» атты мерекелік іс-шара өтті.

Көңілге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек, олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.

Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу мақсатында 6 наурыз 2023 жылы мектебіміздің 9 “В” сынып оқушыларының ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге...» атты мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты іс -шараға мектебіміздің ақ жаулықты аналары қатысты. Аналарымыз құттықтау тілектерін білдірді және де назік жанды әйелдер қауымына жылы лебіздерін,  ақ тілектерін айтып құттықтады.  

Көктемнің алғашқы күндерінде өткен мерекелік шаралар көңілімізге қуаныш сыйлап, жүзімізге нұр шашсын!

@kusainova.s.a 
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay 
@edu.almaty 
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо 
#208гимназия