№208 мектеп-гимназиясында жастардың діни сауатын арттырып, түрлі
14 сәуір 2025 жылы Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №208 мектеп-гимназиясында жастардың діни сауатын арттырып, түрлі теріс ағымдардан сақтандыру, саналы көзқарас қалыптастыру мақсатында 9-10-сынып оқушыларына арнап діни экстремизмнің алдын алу бойынша кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында теолог мамандар оқушыларға діни радикализмнің қоғамға зияны, қауіп-қатері туралы айтып, түрлі жат ағымдардың жетегінде кетпеудің жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар дін мен дәстүрдің сабақтастығы, ұлттық