Білім мен технология: пәндік шеберліктің жаңа келбеті » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім мен технология: пәндік шеберліктің жаңа келбеті
21
сәуір
2025

Білім мен технология: пәндік шеберліктің жаңа келбеті

2025 жылдың  17 сәуір  күні №208 мектеп-гимназия базасында "Білім мен технология: пәндік шеберліктің жаңа келбеті" тақырыбында педагогтерді аттестаттаудан өткізу тәртіптері мен талаптарына сәйкес, тәжірибе жинақтау және тарату мақсатында қалалық вебинар ұйымдастырылды. Вебинар ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өткізілді.
https://us04web.zoom.us/j/71126737704?pwd=2EDG33WsK0gkUNC4uDxRa0nwmhYeXb.1 
Аталған вебинарға Бостандық, Медеу, Әуезов, Наурызбай, Жетісу аудандарының мектеп мұғалімдері қатысып, тәжірибе таратқан педагогтерге оң пікірлер мен ұсыныстарын білдірді. Тәжірибе тарату шарасы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығының 12-қосымшасының 3.5-өлшемшарты негізінде ұйымдастырылды.
Тәжірибе таратқан педагогтер тізімі:
1.    Аденова Гулбагда Есейхановна – Информатика пәні мұғалімі2.    Токпаева Сауле Кенжебековна – Бастауыш сынып мұғалімі3.    Елекбаева Сериккул Егизбаевна – Бастауыш сынып мұғалімі4.    Дуншебаева Арай Сейтакыновна – Бастауыш сынып мұғалімі5.    Мухамеджанова Сандуғаш Кенесхановна – Бастауыш сынып мұғалімі6.    Садирова Дильбар Абдиганиевна – Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі7.    Өтебаев Нұрбек Күмісбекұлы – Математика пәні мұғалімі8.    Мырзабеков Рауан Маратович – Бейнелеу өнері пәні мұғалімі9.    Тулеугазина Лаззат Аманкельдиновна – Бастауыш сынып мұғаліміВебинарда ұсынылған материалдар педагогтер арасында оң пікірлерге ие болып, тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.
 Аталған педагогтердің авторлық бағдарламалары «жақсы» деп танылып, басқа аудандарға таратуға ұсынылды. Сонымен қатар, олардың өткізген вебинарлары мен тәжірибе тарату материалдары Білім басқармасына ұсынылатын ресми құжаттар тізіміне енгізілді.