02
сәуір
2025
Жоғары сынып оқушылары арасында кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында «Алматыжылужайэнерго» компаниясы қазандыққа өндірістік экскурсия ұйымдастырды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Осы шара аясында және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, сондай-ақ жоғары сынып оқушылары арасында кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында «Алматыжылужайэнерго» компаниясы қазандыққа өндірістік экскурсия ұйымдастырды. № 208 мектеп-гимназияның 10 «Ә» сынып оқушылары «Премьера» қазандығында болып, жылу және ыстық су өндіру үрдісімен танысып, осы маңызды инфрақұрылым нысаны жұмысының негізгі кезеңдерімен танысты.
⠀
Экскурсия барысында оқушылар техникалық процесстерді бақылап қана қоймай, сонымен қатар бағдарламаның дәріс бөліміне қатысты, онда оларға жылу энергетикасына байланысты физика пәні бойынша есептер ұсынылды. Бұл оқушыларға теориялық білімнің практикада қалай қолданылатынын және энергетика саласындағы мамандар үшін физика білімінің қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінуге мүмкіндік берді.