“ Кибербуллинг және буллинг “ тақырыбында тренингтер өткізілді. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “ Кибербуллинг және буллинг “ тақырыбында тренингтер өткізілді.
25
қаңтар
2023

“ Кибербуллинг және буллинг “ тақырыбында тренингтер өткізілді.

Бүгінгі таңда сандық технологиялардың дамуы себепті балаларға қатысты зорлық түрлеріне кибербуллинг немесе онлайн қорлау қосылған.
🔍Кибербуллинг дегеніміз – біреуді цифрлық технологиялардың көмегімен қудалау. Кибербуллинг әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, ойын платформаларында орын ала алады. Бұл – қудалау нысанына айналған адамды қорқыту, ашуландыру немесе масқаралауды көздейтін мақсатты мінез-құлық үлгісі болып табылады.
Осыған орай мектеп-гимназия психологтарының ұйымдастыруымен кибербуллингтің алдын алу мақсатында 7-10 сынып оқушыларымен “ Кибербуллинг және буллинг “ тақырыбында тренингтер өткізілді.

Тренингтің мақсаты: Оқушыларға кибербуллинг және буллинг туралы мәлімет беру, кибербуллингке тап болу белгілері және оның салдары, көрсетілетін көмектер туралы түсінік беру.

Ұйымдастырушылар: С.С.Тойбазарова Ж.Д. Анарбекова

@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия