09
ақпан
2023
«Мұқағали - мәңгілік ғұмыр! » атты мәнерлеп оқу мен сурет көрмесі өтілді
Мұқағали Мақатаев- қазақ поэзия əлеміне шетсіз- шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік əкелген ақын. Кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын. Мектебімізде ақиық ақын-Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр! » атты мәнерлеп оқу мен сурет көрмесі өтілді.
Негізгі мақсат, ақынның мол мұрасын жас ұрпақтың жадында қайта жаңғырту, шығармашылығымен таныстыру, поэзияның құдыретін, ақынның өлеңдері мен әндерін таныту.Өзінен кейінгі ұрпақтарына баға жетпес рухани қазына қалдырып, Мәңгілік Музаға айналған Мұқағали Мақатаевтың ерен есімі мен мол ғибрат, таусылмас тәлім-тәрбие аларлық туындылары қазақ халқымен бірге мәңгі жасай бермек.
@kusainova_s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия