04
сәуір
2025
🚦 Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік! 🚸
Бүгін №208 мектеп-гимназиясында Наурызбай ауданының ПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері 1-сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі туралы маңызды түсінік берді.
📌Шараның негізгі мақсаты – жас өрендерге жолда жүру ережелерін түсіндіре отырып, олардың өмір қауіпсіздігін сақтау туралы сана-сезімін арттыру. Сонымен қатар оқушыларды тәртіпке баулып, көшеде өздерін қалай ұстау керектігін үйрету.
Балалар үлкен қызығушылықпен тыңдап, жол белгілерінің мәнін, бағдаршамның қызметін, қауіпсіз өтудің жолдарын үйренді. Полиция қызметкерлерімен болған еркін әңгіме мен практикалық жаттығулар балғындарға жағымды әсер қалдырды.
Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер – жас ұрпақтың санасына қауіпсіздік мәдениетін ерте жастан сіңіруге үлкен септігін тигізеді.
🔹 Ұмытпа! Қауіпсіздік – әрқашан бірінші орында! 🚸✨
@kusainova.s.a
@nauryzbay_bilim_bolimi
@sairan.saifedenov
@mnurymbetov
@meruert.69
@edu.almaty
@almaty_birtutas_tarbie
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия
#Бейсембаев



