03
сәуір
2025
🔹 Жол қауіпсіздігі – бала қауіпсіздігі! 🔹
Мектебімізде Наурызбай аудандық полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Мухатаева Раушан Серікқызы бастауыш сынып білім алушыларымен жолда жүру ережелері туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында балаларға жолда жүру ережелері, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік шаралары және жол белгілерінің маңызы туралы айтылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.