«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты біріңғай тәрбие сағаттары өтті. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты біріңғай тәрбие сағаттары өтті.
07
ақпан
2023

«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты біріңғай тәрбие сағаттары өтті.

2023 жылы 07 ақпан күні мектебімізде Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты біріңғай тәрбие сағаттары өтті.
Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев:
«Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Оны күллі халық сүйіп оқыды. Мұқағали шын мәнінде, бір туар екенін халыққа таныта білді.
Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы.
Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тірршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жыр етеді.

@kusainova_s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия