Балаңыздың қауіпсіздігі – бәрінен маңызды! » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Балаңыздың қауіпсіздігі – бәрінен маңызды!
17
мамыр
2023

Балаңыздың қауіпсіздігі – бәрінен маңызды!

Балаңыздың қауіпсіздігі – бәрінен маңызды!

Алматы қаласының прокуратура органдарының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 17 мамырында баланың қауіпсіздігі тақырыбында жалпықалалық жиналыс өтті. Іс-шара Алматы қаласы мектеп басшыларының қатысуымен ZOOM платформасында онлайн форматта өткізілді.

Бала қауіпсіздігі тақырыбы төңірегінде ой қозғап, жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелерді көтерді. Буллинг, кибербуллингтің себептерін, балалардың кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, ата-аналарға сақтық шараларын айта отырып, мәселелерді айқындап, алдын алу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйыдастырылған мектептердегі «Сенім жәшігі», «СЕНІМ БҰРЫШЫ» болып өзгертіліп және де QR код арқылы байланысу ұйымдастыру қарастырылды.

Алдағы уақытта «СЕНІМ БҰРЫШЫ» туралы оқушылар мен  мұғалімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

@kusainova.s.a
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@edu.almaty
@almaty_mektepteri
#наурызбайауданы #наурызбайроо
#208гимназия