“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. » №208 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№208 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(776) 817-76-76
+7(747) 671-39-53
+7(776) 817-76-76
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
27
наурыз
2024

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

№208 мектеп-гимназиясында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында  жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында  бітіруші сыныптардың мемлекеттік емтихандары туралы мәліметтер баяндалды. Мектептің ішкі тәртібі туралы, соның ішінде балалардың ұялы телефон қолдануына тыйым салу, ата-аналар және өзге де адамдардың мектеп ішіне рұқсатсыз кірмеуі,  оқу үлгерімі төмендеп жатқан оқушылардың ата-аналарына ескертулер айтылды. 
Ата-аналар өздерінің тараптарынан әр түрлі ұсыныстар, пікірлер білдіріп және сұрақтар қойды.
“Ұл – қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеп, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етейік” – деп мектеп директоры жиналысты аяқтады.